Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәскеуде жұмбақ жағдайға қаза тапқандар Маңғыстау облысының тұрғындары болып шықты

Мәскеуде жұмбақ жағдайға қаза тапқандар Маңғыстау облысының тұрғындары болып шықты, деп хабарлайды КТК арнасы.

20170309172928

20 жастағы Алексей Баркалов пен 34-тегі Виктор Москалев. Марқұмдардың сүйегін туыстары елге өз күшімен әзер жеткізген.

Екеуі де Ресейге жүкші болып, күнкөріс қамымен барған екен. Көше бойындағы «Газельдің» ішінен табылған Алексей мен Викторды, полицейлер уланып өлді деп болжап отыр. Өйткені, денелерінде ешқандай зорлық белгілері жоқ. Дегенмен, сот-медициналық сараптама нәтижесі тек 1 айдан кейін белгілі болады екен. Ал ұлдарын елге өз күшімен әкелген жақындары, Мәскеуде не елшіліктен, не Сыртқы істер министрлігінен еш көмек көрмегенін айтып налыды.

“Менің ұлыма Виктор ұсыныс білдірді. Мәскеуге жүк апарып, қайтып келетіндерін айтты. Ал, Алексей бірден келісті. Өйткені, мерекеде анасына сыйлық алу үшін ақша жинағысы келді. Соңғы рет сөйлескенімде ол Мәскеуге барғанына өкінетінін де айтқан болатын”, – дейді Алексейдің әкесі Руслан Баркалов.

Жіберіп алмаңыз:

ОҚО-да 86 жастағы әже дәрігерлер қауіпті деген өттегі тасын өзі түсірген

Қазақстандықтар Наурыз мейрамына орай қанша күн демалады

Жамбыл облысында ең мықты шопыр келіншек анықталды

8 наурызда қарағандылық анасын өлтіріп, өзі бесінші қабаттан секіріп кетті

Талқылау