Мәскеуде секс-шоп дүкенін тонап, сатушысын зорлап кеткен ұрлықшы ұсталды
Мәскеудің құқық қорғау органдары интимді тауарлар сататын дүкеннің сатушысын зорлап, ақша тонаған ұрыны құрықтады.

Сурет creable.com сайтынан алынды
1984 жылғы ер адамға қатысты «Сексуалды түрдегі зорлау әрекеттері» және «Қарақшылық істеу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Мәліметтерге сүйенсек, 7 ақпан күні Мәскеуде азамат секс-шопқа келіп, 27 жастағы сатушы қызды қарумен қорқытып, зорлаған. Сосын кассадан 50 мың рубль ақшаны жымқырып кеткен.
21 қаңтарда ер адам Мәскеудегі үлкендерге арналған дүкеннің сатушысын зорлап кеткен болатын. Ол дүкенге сатып алушы секілді кірген.
Ал, 2015 жылдың 22 желтоқсанында Санк-Петербургте екі жігіт 15 секундтың ішінде интим салонын тонап кеткен. Олар 24 жастағы сатушы қызды қорқытып, каасадағы барлық 4,5 мың рубльді алып кеткен.
"Әкеңіз сізге керек болмаған соң, қайтыс болды": Қазақстандықтар психологтардан қалай зардап шеккендерін айтты
Stan.kz тілшісі “психологсымақтардың” салдарынан зардап шеккендердің оқиғасын бөлісе отырып, психолог таңдауда не нәрсеге мән беру керек екенін анықтады.
Өрт сөндіргіш, дәрі қобдишасы, апат белгісі: 2026 жылы Қазақстанда көлікте қандай заттар болуы керек
Мопедте болуы керек құжаттар тізімі де аталды