Мәскеуде өткен ән байқауында Ару Әуезова үшінші орын алды (видео)
Алтыншы рет ұйымдастырылған «Пироговский рассвет» халықаралық байқауы өз мәресіне жетті.

Биыл аталмыш байқауға әлемнің 11 елінен келген эстрада әншілері қатысты. Атап айтсақ: Ресей, Украина, Белорусь, Қазақстан, Армения, Италия және т.б. Алғаш рет Әзірбайжан, Чехия және Куба елінің өнерпаздары өнер көрсетті.
Қазылар алқасының шешімі бойынша үшінші орын отандасымыз, қазақстандық әнші Ару Әуезоваға бұйырды. Екінші орынды Белорусь елінің азаматы Андрей Колосов алса, бірінші орынды чехиялық талант Ладислав Бубнар жеңіп алды.
Халықаралық байқауда көпшілікті ерекше даусымен тәнті еткен италиялық Федерико Мартелло Гран-при иегері атанды.
Әуезова Еліміздегі X Factor жобасына қатысқан еді.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады