Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәскеуде көз жұмған Томирис Байсафаның анасы қызының құрбысының сатқындығы туралы айтты

Мәскеуде оқу ғимаратының терезесінен құлап кетіп көз жұмған қазақстандық Томирис Байсафаның анасы әлеуметтік желіде жазба қалдырып, сатқындық туралы сөз қозғады. Ол қызының құрбысының сатқындығы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мәскеуде көз жұмған Томирис Байсафаның анасы қызының құрбысының сатқындығы туралы айтты

Жанна Ахметованың сөзінше, қызының бала күннен бергі құрбысы болған. Олар әр түрлі мектепте оқып, екі бөлек ауданда тұрса да, үнемі бірге жүрген екен. Құрбылар мектеп бітіргеннен кейін әр түрлі мемлекеттерге оқуға кетіп, сол жақтан жаңа дос тауыпты. 

Томирис Мәскеуде оқып жүрген кезде жаңа құрбысы пайда болыпты. Алайда кейіннен оның шынайы келбеті ашылған. Бұл орайда Томиристің бала күннен бергі құрбысы ол қызға сенімсіздікпен қарап, тіпті, танысқысы келмепті. 

«Қазір ол сол құрбысының шындығында дос емес екенін жүрегі сезгенін түсінеді. Тек оны айта алмаған. Ішіндегі сезімді Томпиге де, өзіне де түсіндіре алмапты», - деп жазды марқұмның анасы Instagram желісінде.

Мұнан әрі Жанна Ахметова қызының жаңа құрбысының біртүрлі әрекеті туралы айтты. Жатақхананың бір бөлмесінде тұрған қыздар жақын досқа айналған екен. 

«Бізге жақын бола бастады. Үш жазда анамның үйінде тұрды, бізбен бірге демалуға барып, бізден сыйлықтар алды... Анам Томпимен сөйлескен кездерінде үнемі оны сұрайтын. Алайда ол анам өмірден озған кезде көңіл айтпады», - дейді Жанна Ахметова. 

Алайда Томирис қайғылы жағдайға душар болғанда, жаңа құрбысы аяқ астынан жоқ болып кетіпті. Тіпті, ол құрбысының жерлеуіне де келмеген. Сонымен қатар тергеушілерге жауап беруге де келмеді, дейді марқұмның анасы.

«Томпи көз жұмғаннан кейін ол жоғалып кетті. Томпидың жерлеуіне келмеді. Алайда біз оған келіп-кетуге билет сатып алып қойған едік. Тергеушіге Томпидың пайдасына жауап беруге келмеді. Мүмкін, біреуге берген уәдесін бұза алмаған болар. Ол жауап беруге уақыты жоқ екенін айтты. Артынша поштаны ашып қарамадым деді. Сол кезде-ақ: «Тергеуші қандай ақымақ сұрақтар жазған», - деп айтып қалды. Осы кезде ол менің барлығын түсінгенімді ұқты. Осылайша, жоғалып кетті», - дейді ол.

Марқұмның анасының сөзінше, мұнан кейін қызының құрбысы оны және қызының достарын әлеуметтік желіде бұғаттап тастаған. 

«Адамдар, өздеріңізді, балаларыңызды, жақындарыңыз бен достарыңызды қорғаңыздар. Олардың көзіне қараңыздар. Кіммен дос болып жүргеніне назар аударыңыздар. ... Егер бәрін дер кезінде әрі дұрыс байқасаңыз, бәлкім, бәленің алдын аларсыз. Белгілерге мән беріңіздер. Себебі жалған достардың немқұрайлығы немесе кеңестері өмірмізді құртуы мүмкін», - деп түйіндеді Ахметова.

Еске сала кетейік, Томирис Байсафа Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының төртінші қабатынан құлап кеткен еді. Болжам бойынша, бойжеткен өзге оқу орнында оқитын, Дағыстан азаматымен сөзге келіп қалған. Екі жас ұзақ уақыт бойы кездесіп жүрген. Ауыр жарақатпен ауруханаға түскен қыз араға 20 күн салып көз жұмды.

Талқылау