Мәсімов Моңғолияда таңғы жүгіруге қатысқан бейнежазбасын жариялады (видео)
Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов өзінің желідегі парақшасында таңғы жүгіруге қатысқан видеосын жария етті.

Ол бұл туралы өзінің Инстаграмдағы парақшасы арқылы хабарлады.
Үкімет басшысы Моңғолияға 15 шілде күні өткен Европа және Азия елдері саммитіне қатысу үшін келген болатын.
“Моңғолиядағы таң. Ұлан-Батыр, 15 шілде 2016 жыл”, – деп жазды Мәсімов. Бұған дейін 26 маусымда Астана күні қарсаңында елордада “Астана Дуатлон-2016” жарысы өтіп, премьер-министр мен үкімет мүшелері де аталмыш спорттық шараға белсене қатысқан.
Бұған дейін ол Баян-Өлгейде су тасқынынан зардап шеккендерге мемлекет атынан көмек көрсетілетінін мәлімдеген. Ал жергілікті қазақтар оған ризашылық ретінде ат мінгізіп, шапан жапты.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады