Мас әйел Ақтаудағы сауда орталығын "жарып" жібере жаздаған
63 жастағы әйел мас күйінде Ақтадағы сауда орталығында жарылыс құрылғысы бар деп мәлімдеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық полицияның баспасөз қызметіне сілтеме беріп.

Ақтауда 9-шы шағын аудандағы "Ардагер" сауда орталығы қоршалған еді. Құқық қорғау органдарына күдікті зат туралы хабарлама келіп түсті.
Ақтау полициясы сағат 14.00-де "Ардагер" сауда орталығына бомба қойылғаны туралы қоңырау түскенін хабарлады.
Сауда орталығының бөлмелері тексерілді, жарылғыш зат туралы ақпарат жалған болып шықты.
"Полиция қызметкерлері бұл факт туралы жалған ақпарат берген адамды анықтады. Ол Ақтаудың 63 жастағы тұрғыны болып шықты. Сондай-ақ, оның мас күйінде болғаны анықталды", - деді баспасөз қызметі.
Мән-жайды анықтау мақсатында әйел Ақтау қалалық полициясына жеткізілді.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"