AAPL
132.3 $
1.41 %
TSLA
620.83 $
-0.4 %
NDAQ
178.78 $
1.7 %
GOOGL
2436.25 $
1.42 %
FB
332.29 $
0.8 %
FRHC
61.68 $
1.65 %
AAPL
132.3 $
1.41 %
TSLA
620.83 $
-0.4 %
NDAQ
178.78 $
1.7 %
GOOGL
2436.25 $
1.42 %
FB
332.29 $
0.8 %
FRHC
61.68 $
1.65 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Марқұм актриса Ғазиза Әбдінәбиева: Лидия театрға келе салды да, 10 жылдық тәжірибесі бар мені орныма қойды

ҚР еңбек сіңірген әртісі, "Парасат" және "Құрмет" ордендерінің иегері Лидия Қаденова көп жағдайда сұхбат беруді ұната бермейтін актриса осыған дейін еш жерде айтылмаған сырларымен бөлісті. Сырт көзге қатал көрінгенімен, өмірде талай рет алданып қала беретін аңғалдығын айтты. Актисаның талантын әріптесі, марқұм Ғазиза Әбдінәбиева да мойындады.

Бұл туралы "Ең алғашқы" бағдарламасында айтылды.

Анасы он құрсақ көтеріп, бала шетіней бергендіктен ырымдап, өлімді тоқтатсын деп, ерекше ат таңдап Лидия деп қойған екен. Есімі ғана емес, өмірі де ерекше болған әртістің талантын әріптестері де мойындайды.

"Лидия алғаш театрға келгенде, мен он жылдық тәжірибесі бар, мықты рөлдерді сомдап жүрген керемет, мықты әртіс болып жүрген шағым еді. Өзімше сұмдық болып жүргем. Лидия келді де, мені орныма қойды. Қазақша айтқанда "көзімді көкшитті". Виктор Пусурманов деген режиссёріміз Сәкен Жүнісовтың "Тың" жайлы қойылымын жоспарлады. Сонда мен тәжірибелі актриса ретінде бірінші группаға түстім, ал Лидия енді ғана келіп жатқандықтан екінші группада болды. Сонда режиссёріміз өте адал, әділ адам еді. Бір күні келді де, мені екінші группаға түсіріп тастады.

"Басты рөлді Лидия ойнайды" деді. Ол орынды еді. Өйткені мен Лидияның жасағанын жасай алмаймын. Ол сияқты домбырада ойнай алмаймын, ол сияқты фортепианода ойнай алмаймын, керемет мың бұралып билей алмаймын. Ол өте дарынды актриса болды. Оны мойындау керек", - деді сахнадағы әпкесі, марқұм актриса Ғазиза Әбдінәбиева. 

Сахнада "Ең әдемі" келіншек атанған хас сұлудың неліктен кеш тұрмыс құрғандығы да белгілі болды.


Лидия Каденова: Сахнаға шығар алдында күйеуімнің қайтыс болғанын әдейі хабарлады, бірақ мен рөлімді сомдап шықтым


"Әкем өте қатал кісі еді. Өзі сері жігіт болғандықтан, бізді де серілік құрып кетеді деп қорықты ма, ешқайда жібермейтін. Жас кезімде сөз салған жігіттер болмады емес, көп болды. Барлығының да талабы "Не театр не тұрмысты таңда!" деген талап еді. Мен, әрине, театрды таңдайтынмын. Осылай жүргенімде отыздан асып кеткенімді де байқамай қалдым", - деді Лидия Қаденова.

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Лидия Қаденова ұлын екінші рет үйлендіруге қарсы емес екенін айтты. Актриса жалғыз ұлының бірінші әйелімен ажырасу себебін түсіндіріп, жаңа үйленген жастарды мейлінше жеке тұрғызу керектігін айтты.

"Ұлымның бақытты болғанын әрине, қалаймын. Бірінші келініммен ұлымның отауы жараспады, амал не?! Адам болғаннан кейін өмір жалғасады. Қазір Дидардың сөйлесіп жүрген қызы бар екенін білемін. Мен ол қызды көрдім де. Қазақтың қарапайым қызы екен. Ол да өнер жолында жүр. Бірақ келін ретінде әлі анықтап танысқан жоқпын!", - деді.

Ешкімнен пана іздеп, көмек сұрамаған актриса ұлын жалғыз өсіргендігі белгілі. Бала күнінен сахна сыртында, анасының жұмысы мен мектептің ортасында жүруге мәжбүр болған ұлы өзінің балалық шағын былай еске алды...

"Мені анам жалғыз өсірді. Сабақ біткенде анам келіп алып кетеді де, бірге жұмысқа барамыз. Мен театрда сахна сыртында оны күтіп жүремін сандалып. Бала күнімде есімде қалғаны – үйдің қасындағы дүкеннен азық-түлікті қарызға жаздырып жейтінбіз. Қанша қиналса да, маған жоқ дегенді сездірмеуге тырысатын. Әлемде еркеліктің қандай түрі болса, мен соның барлығын көрген бақытты баламын. Бірақ өсе келе мен анамды көп ренжіттім. Алдағы уақытта бұл қателіктерімнің орнын толтыруға күш саламын".

Актрисаның жалғыз ұлы өнер жолында болғанымен, көп әндері жарыққа шықпай қалуда. Оған басты себеп қаржының тапшылығында екенін айтты. Адам болғаннан кейін армандар таусылмайтыны анық. Ардагер актрисаның келер күннен күтетін үміті үлкен. Жалғыз ұлының бақытын тілеп, немересінің азамат болып өскенін көруді арамандайды. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр