Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мақпал Жүнісова күзетшісі мен жүргізушісіне үй алып берді

Мақпал Жүнісова үй
Фото: instagram.com/zhunusova.makpal

Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова күзетшісі мен жүргізушісіне толық жабдықталған үйлер сатып алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Оның айтуынша, арнайы қызметкерлеріне шағын, бірақ толық жабдықталған тұрғын үйлер тапсырыспен жасалған.

“Күзетші мен жүргізушінің арнайы тұрғын үйі. Ішінде дәретханасы, жататын бөлмесі, асүйі бәрі бар. Осындай, кранмен әкеліп құрып жатыр. Тұрғын үй толық жабдықталған, жылытылған, қыста суық, жазда ыстық болмайды. Бәрі заманауи талаптарға сай”, – деді әнші видеода.  

Әнші баспананы 3,5 миллион теңгеге жасатқан.

Мақпал Жүнісова бұл шешімін жанында жүрген, өзіне адал қызмет еткен адамдарға деген ризашылығы деп түсіндірді. Оның сөзінше, адам еңбегін бағалау – ең маңызды құндылықтардың бірі.

Сондай-ақ бұл тұрғын үй өзі гастрольдік сапарға кеткенде үйге қарап, ауланы жинауы үшін де қажет.

Айта кетейік, бұған дейін Мақпал Жүнісова неге екінші рет күйеуге шықпағанын түсіндіргені хабарланған еді.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 29 Сәуір, 2026 12:20