Маңғыстау облысында 6 оқушы мұсылмандық иіссудан уланып қалды
Оқиға дүйсенбі күні, 17 қазанда, Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылында болды. 6 оқушы сабақ кезінде өзін шара сезінген. Олар бірге «Dalal» мұсылмандық иіссуларын қолданғандарын айтқан.

Бұл туралы Мой город хабарлайды.
«Балалардың жүрегі айнып, бастары айналған соң оларды емханаға жеткіздік. Онда алғашқы көмек көрсетіліп, келесі күні сабаққа келді. Тексеріс барысында «Dalal» иіссуларының құрамында эфир майының көптігі анықталды. Біз енді бұл тауардың сертификатын тексереміз», – дейді облыстық тұтынушылар құқын қорғау департаментінің жетекшісі Рәбиға Мінібаева.
Облыстық білім басқармасында балаларға мектепте косметикалық заттар қолдануға тыйым салынғаны айтылды. Прокуратура тергеу жұмысын жүргізіп жатыр.
Регина Ясная
Жіберіп алмаңыз:
Алматы облысында туғанына 5 күн болған сәби көз жұмды: Туыстары дәрігерлерді нәрестені жерге құлатып алды деп айыптады
Толғағы жедел келген әйелді зембілмен емес мүгедектер арбасымен тасыған кезде сәби кенет дүниеге келген
"Ұятпен қорғалған қатыгездік": 10 жыл бұрын топтық зорлық құрбаны болған Жібек әділдікке қалай қол жеткізді
Сот төрт айыпталушыны кінәлі деп таныды