Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда мұғалім бірінші сынып оқушысының бетінен шапалақпен ұрған

Маңғыстау облысы Ақшұқыр ауылындағы гимназияда дәлізде мұғалім жүгіріп келе жатқан бірінші сынып оқушысының бетінен ұрып жіберген, деп хабарлайды Stan.kz  ақпарат агенттігі "Лада" басылымына сілтеме жасап. 

Бейнебақылау камерасына түсіп қалған кадрларды оқушы қыздың анасы жариялады. Әйелдің айтуынша, оқиға 11 сәуірде болған.

Мектептегілер мұғалімнің оқушыны ұрмағанын, керісінше құлап бара жатқан оқушыны ұстап қалғанын айтады. 

Облыстағы білім сапасын қамтамасыз ету департаменті 12 сәуірде ұстазға қатаң сөгіс жарияланғанын, 14 сәуірде жұмыстан босатылғанын хабарлады.  Бірінші сынып оқушысының туыстары мұғалімнің кешірім де сұрамағанын айтты.

"Мұғалімнің қай бап бойынша жұмыстан босатылғаны белгісіз болғандықтан, бір жылдан кейін ол қайтадан бұрынғы орнына тағайындалып, балаларды оқытуды жалғастыра алады. Мұндай жағдайға жол бермеу керек, оны мұғалімдік қызметпен айналысу құқығынан айыру және бұдан былай бала оқытуға рұқсат бермеу керек", – деді қыздың анасы.

Ол шағыммен білім және ғылым министрлігіне жүгінбек.

Талқылау