Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысында 24 жастағы ер азамат екі айға жуық уақыт бойы табылмай жатыр

Маңғыстау облысында 24 жастағы ер азамат із-түссіз жоғалып кеткен. Туыстары оны екі айға жуық уақыт іздеп жатқандарын айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Лада” порталына сілтеме жасап. 

Сәдуақасов

Жоғалып кеткен Азамат Садуақасовтың жақындарының сөзінше, ол 10 тамыз күні үйінен шығып, қайтып оралмаған. Оның жоғалғаны туралы хабар полицейлерге 22 тамызда түскен. 

11 қыркүйекте ауыл тұрғындары Азаматқа ұқсас ер адамды көргендерін айтыпты. Дегенмен, туыстары оны айтқан жерден таба алмаған. 

Бұған қоса, полиция қызметкерлері бір адамның денесі теңізден табылғанын хабарлап, оның суретін көрсетіпті. Алайда жақындары мәйіттің Азаматқа ұқсамайтынын жеткізген. Кейіннен анықталғандай, ер адамның мүрдесі 17 күн мәйітханада жатып, артынша жерленген. Қазіргі таңда ДНҚ сараптамалары тағайындалған. 

Ер адамның үйленгеніне әлі бір жыл болмапты. Ол келесі айда 25 жасқа толады. Азамат Садуақасовтың үстінде жоғалған күні қара шолақ шалбар мен футболка болған. Егер оны кезіктерген жандар болса, мына нөмірлерге хабарласуға болады: 870295871987753285512.

Талқылау