Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мамаң мақұлдады ма?": Say Mo-ның экс-жұбайы Серік Шәріп сүйіктісін көрсетті

Қалың көпшілікке Shakenti лақап атымен танымал болған Серік Шәріп жақында шаңырақ көтермек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/shakentii/

Айта кетейік, Серік Шәріп сүйіктісінің аккаунтын белгілеп, оқырмандарына көрсетті. 

“Мен сені сүйемін! Туған күніңмен!" – деп жазды актер.



Еске салайық, 2020 жылы актер Шәріп Серік пен әнші, рэпер Say Mo некесін қиған. Алайда көп ұзамай ажырасып кетті. Себебін актер бүкпесіз айтып берген еді. 

“Арамыздағы бітпейтін жанжалдардан кейін ажырасамын деп шешім қабылдадым. Біраз нәрсе айтты, ол менің намысыма тиді. Мені барлық жерден бұғаттап тастады. Қой десем қоймай, посттарды бірінен соң бірін жаза берді. Менің жүйкем жұқарып, талып қалдым. Көзімді ашсам, реонимобильде жатырмын. Микроинсульт алған екенмін. Оң жақ бетім тартып қалды. Содан ұйықтай алмадым. Ұйықтататын дәрі берді, сонда да ұйықтамадым", — деген еді Серік Шәріп. 

Желі қолданушылары сүйікті жұбына бақыт тілеп, енді қате қадам баспасын деп, жылы лебіздерін білдіріп жатыр. 

“Екі жас бақытты болсын!”, “Say Mo-ны айта бермеңдерші”, “Мамаң мақұлдап, келісімін берді ме?”, “Ене мен келін айқасы тағы басталып жүрмесін”, – деп жазып жатыр оқырман қауым. 

Бұған дейін, Say Mo-ның теңіз жағасынан фото жүктеп, елден сөз естігенін жазған едік. 

Талқылау