Маман қара түсті масканың қауіпі жайлы айтты
Дәрігер Елена Морозова сәнді болғанымен, қара түсті масканың қауіпті болуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Елена Морозованың айтуынша, карантиннің ұзаруына байланысты ерекше маскалардың саны күн сайын көбейіп келеді.
Маман қара түсті бояғыштың аллергенді екенін алға тартады. Әсіресе маска арзан синтетикадан жасалса. Мұның әсерінен дерматоз үлкен мәселе тудыруы мүмкін.
Мақта-матадан тігіліп, сапалы бояғышпен боялса, мұндай масканы тағуға болады. Егер өнімнің қандай материалдан жасалғанын білмесеңіз, ақшыл түстегі матадан тігілгенін не болмаса қарапайым медициналық масканы таңдаған жөн.
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды