Маман әжетханаға телефонын алып кіретіндерге ескерту жасады
Гастроэнтеролог Джозеф Салхаб телефонмен дәретханаға бару әдеті денсаулыққа зиян келтіретінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mirror басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Маман газет-журнал оқитын немесе телефонмен ойнайтын адам әжетханада көбірек уақыт өткізетінін атап өтті. Оның айтуынша, бұл әдет тік ішекке қысым түсіріп, бірте-бірте геморрой немесе анальды жарықшақтардың дамуына әкеледі.
Сонымен қатар дәрігер әжетханаға гаджетпен кіру гигиеналық себептерге байланысты ұсынылмайтынын ескертті.
"Біріншіден, құрылғының бетінде патогенді бактериялар қалып кетеді. Әжетханаға өзіңізбен бірге телефон алып кірмес үшін ас қорытуды жақсартыңыз. Ол үшін, ең алдымен диеталық талшықты көп тұтынуыңыз қажет. Мысалы киви, алма, алмұрт, қара өрік және С дәруменіне бай тағамдар. Олар іш қатуға қарсы тұра алады. Сонымен қатар күні бойы сұйықтықты көбірек ішуге тырысыңыз", – деді гастроэнтеролог.
Дәрігерден медбикеге дейін ақша сұрайды: Қазақстандық келіншектер перзентханадағы былықтарды ашты
Пікір қалдырғандардың басым бөлігі кейбір перзентханаларда көрімдік сұрау қалыпты жағдайға айналып кеткенін айтты
Қазақстанда ислам ипотекасы қашан іске қосылады және ол қалай жұмыс істейді
Сарапшы: "Негізгі айырмашылық бағада емес, қаржыландыру тетігі мен мәміленің құқықтық құрылымында"