Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мал сатып қаза тапқан ағайындылардың туыстары полиция ғимаратын басып ала жаздады

Ағайынды үш азамат Жарқынбек, Мұқият, Қадылбектің қайтыс болғандығы туралы қаралы хабар жеткенше туыстары олардың аман екендіктеріне үміттенген еді. Алайда құзырлы орындар хабарды естірткен сәтте ел-жұрт есеңгіреп қалды.

24.09.16-adamdar-1

Фото: egemen.kz

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Жоқтаудың үні полиция бөлімшесінің алдынан естілді. Қаралы хабар қабырғасын қайыстырған халық, аудандық полиция бөлімінің ғимаратын басып алуға шақ қалды. “Күдіктілерді қолымызға беріңдер” – десті. Олардың екеу ғана екендігіне күдік келтірді. Азалы жұртты жұбатарға сөз таппай, басу айтқан құзырлы орган өкілдері, дауыстары қарлыққанша түсіндіруге тырысты.

“Құрметті ағайындар ол екеу ма, жоқ әлде бесеу ма, қазір айта алмаймыз. Оны тергеумен анықтаймыз. Ешқандай да қылмыскерге жеңілдік болмайды. Мен сіздерге айтам”, – деді Алматы облыстық прокурорының орынбасары Саян Бәкіров.

Үш ағайынды жігіттің денесін алуға мәйітханаға келген марқұмдардың жақындары да, үшеуді екеудің өлтіргеніне сенбейтіндіктерін айтқан-тын.

“Екі-үш адамның қолынан келмейді. Қаділбек деген жігіт өзі төрт адамға былай шамасы жететін жігіт. Ол байласа да айуандықпен өлтіріп отыр”, – деді Қабылбектің бауыры.

Премьер-министр Ішкі істер министріне тапсырма бергеннен кейін, министрлік бұл жағдайды тікелей өз бақылауына алды. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізілуде. Бұған дейін Алматы облыстық ішкі істер департаменті де қылмыстық істің толыққанды тергелетініне уәде берген болатын.

Еске сала кетейік, өткен жексенбіде БАҚ-та Алматы облысы Жамбыл ауданында мал саудасымен айналысып жүрген үш жігіттің жоғалып кеткені туралы хабарланған болатын.

Марқұмдардың туысқандарының айтуынша, Долданұлы Жарқынбек (1979 жылы туған), Зарлыханұлы Мұқият (1973 жылы туған), Әлімхан Қадылбек Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданынан сатып алған 40 бас малды екі жүк көлігімен 17 қыркүйек күні Ұзынағаш базарына шығарған. 19 қыркүйекте соңғы рет байланысқа шыққан. Бірнеше күннен кейін олардың денесі табылды.

Үш ер адамды өлтірген күдіктілер ұсталды. Олар Жамбыл ауданының екі тұрғыны болып шықты. Оларға қатысты ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлімі бойынша соталды тергеу жұмыстары басталды.

Оқи отырыңыз:

Елбасы балалар үйі түлегінің арманын орындады

Назарбаев: Жақсы өмір сүру үшін университетте оқу міндетті емес

Дәрігерлер жыныс мүшесіне 2 күн бойы неке сақинасын тағып ауырған қытайлықты құтқарды (видео)

Ирактық әйел күйеуін өлтірген террористің басын жұлып отқа қайнатты

Бас прокурор келер алдында Ақтөбе “сақалдылардан” тазартылды

Танымал әзілкештер түрік сериалына пародия жасап “Сұлтан Сүлейман брат” киносын түсірді (видео)

Талқылау