Мақтаралдағы ауыл 100% су астына кеткен
Мақтарал ауданындағы Фирдауиси ауылы 100% су астына кеткен. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Facebook-тегі тікелей эфир кезінде айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның ақпаратына бойынша, ауданда төрт ауылды су басқан.
"Нақтырақ айтсақ, 46 үй - Жаңа Тұрмыс ауылында, 130 үй - Жеңіс ауылында, Фердауисиде 250 үй және Өргебас ауылында 194 үй су астында қалды. Тағы бір ауылдың ақпараты туралы мәлімет айтылып жатыр, оны тексереміз. Жалпы, 620 үй зардап шекті", - деді Түркістан облысы әкімінің орынбасары.
Сәкен Қалқамановтың сөзінше, су басқан ауылдардың тұрғындарына көмек беру үшін арнайы қор құрылады. Ол "Нұр Отан" партиясының қолдауымен жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, азық-түлікпен қолдау көрсетуге ниеттілер үшін қойма дайындалады.
Айта кетейік, Жамбыл облысы ауданға көмек көрсету үшін 3 тонна азық-түлік жіберген.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады