Мақпал Исабекова бір кездері брекетінен намыстанғанын айтты
Танымал әнші Мақпал Исабекова 25 жасында брекет киіп жүргені үшін қатты ұялғанын айтты.

Фото: instagram.com/makosyai/
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Әнші қисық тістерін түзету үшін бірнеше жыл қатарынан брекет киіп жүруге мәжбүр болған.
“Тістерім өзімдікі, ешқандай да винир емес. Маржандай аппақ деп айта алмаймын. 24-25 жасымда мен брекет тағып жүрдім. Мұндай жаста брекет тағып жүргенім үшін қатты ұялған болатынмын”, – дейді әнші.
Әрине, әншінің жақсы нәтижеге қол жеткізуі үшін біраз қиналғанын айтуы ерлікпен пара-пар. Десе де желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, ернін жасанды жолмен ұлғайтқанын айтып жатыр. Тыңдармандары не десе де, шындық тек әншінің өзіне мәлім.
Естеріңізге сала кетсек, Мақпал Исабекованың жаттығу залында жігіттерден ұялғаны туралы хабарлаған болатынбыз.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады