"Махаббатымыз түсірілім кезінде басталды": Ғазірет жұбайы Кәмшат Жолдыбаевамен қалай танысқанын айтып берді
Өткен жылы наурыз айында Кәмшат Жолдыбаева мен отандық актер Ғазірет Қажымұқанұлы отбасын құрған еді. Әншінің күйеуі олардың махаббаты түсірілім кезінде басталғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Revue News бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: instagram/kamshat__zholdybayeva
Ол Кәмшаттың сырт келбетінің өзгеруіне өзінің әсер етпегенін жеткізді.
"Үйлену туралы ақпарат растауды қажет етпейтін шығар. Өйткені отбасын құрдық деген хабар барлық жерде тарады. Махаббатымыз сериалдың түсірілімі кезінде басталды. Мен отбасы құрылғаннан бері іштей өзгерген шығармын. Бірақ Кәмшаттың сырт келбетінің өзгеруіне мен әсер еткен жоқпын. Оған осылай киін деп ешқашан айтқан емеспін. Барлық мәселені бірге талқылаймыз. Біз танысқаннан бергі екі жыл ішінде психологияны көп оқыдық, меңгердік", – деді Ғазірет Қажымұқанұлы.
Айта кетейік, бұған дейін Кәмшат Жолдыбаева қыз-келіншектермен кездесу өткізіп, сынға қалғаны туралы жазған едік.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"