Мәдина Сәдуақасова өзін күйеуімен табыстырған жандарға алғыс айтты
Отандық жұлдыздар алғыс айту күнін пайдаланып өздерінің жақындарына рахмет айтуды бастап кетті. Мәселен, Мәдина Сәдуақасова жарық дүние сыйлаған ата-анасына, өзін сыйлап, құрметтейтін тыңдармандарына және күйеуімен табыстырған жандарға алғыс айтты.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
"1 наурыз - Алғыс айту күні! Ата- анама маған осы керемет дүниенің есігін ашқандары үшін, жақындарыма, достарыма үнемі жанымнан табылатын, өнерімді, өзімді құрметтеген тыңдармандарыма, алтындай әріптестеріме, бәріне бәріне үлкен шексіз алғысымды айтқым келеді! "Хабар" арнасына да раxметім өте үлкен. Осы ғимаратта осыдан 8 жыл бұрын Олжаспен таныстық, қазір Аллаға шүкір, Әнуар ұлымыз өсіп жатыр! Осы бақытты өмірім үшін Аллаға раxмет!”" – дейді Сәдуақасова.
Айта кетейік, Мәдина Сәдуақасова осыдан бірнеше жыл бұрын телеарна режиссері Олжас Смағұловқа тұрмысқа шыққан. Смағұлов Сәдуақасовадан 6 жасқа кіші.
Қазақ тілін қорлаған бұрынғы Ресей азаматы 15 күнге қамалды
Отырыс барысында айыпталушы өз кінәсін мойындап, оны қатаң жазаламауды сұраған
Оралдағы инфекциялық ауруханада 13 жасар қыз көз жұмды: Ата-анасы дәрігерлерді кінәлап отыр
Қызы қайтыс болғаннан кейін әкесі барлық тиісті органға арыз жазғанын айтады