Мәдениет және спорт вице-министрі тағайындалды
Сәрсен Құранбек мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және спорт вице-министрі ауысты.
"Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Құранбек Сәрсен Абайұлы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды", – делінген хабарламада.
Сәрсен Құранбек 1976 жылы Жетісу облысында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін,Қазақ спорт және туризм академиясын, Қазтұтыну ныңодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген. .
Еңбек жолын 1995 жылы "№ 4 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі" МКҚК жаттықтырушы-оқытушысы болып бастады.
2002-2004 жылдары – "№ 15 балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру клубы" МКҚК директоры.
2004-2007 жылдары – "№ 4 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" МКҚК директоры.
2007-2009 жылдары – "Алматы дене шынықтыру және спорт басқармасы" ММ бастығының орынбасары.
2009-2010 жылдары "республикалық спорт колледжі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының орынбасары болып жұмыс істеді.
2010-2011 жылдары – "қысқы Азия ойындары мен Олимпиадалық алау эстафетасын өткізу жөніндегі қалалық дирекция"МКК директорының орынбасары.
2012-2014 жылдары – "Қазақстан Барысы "қазақ күресін дамыту қоры" қоғамдық қорының атқарушы директоры.
2014 жылы "ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі" ММ төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
2014-2018 жылдары – "ҚР Qazaq kuresi Федерациясы" қауымдастығы нысанындағы ЗТБ бас хатшысы.
2018-2022 жылдары - "Қазақстан поло федерациясы" қауымдастығы нысанындағы ЗТБ бас хатшысы.
2022 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін "Қазақстанның жекпе-жек өнері қауымдастығы" нысанында ЗТБ бас директоры қызметін атқарды.
Осы лауазымды бұрын атқарған Серік Маратұлы Жарасбаев берілген өтінішке сәйкес қызметтен босатылды.

Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
