Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ләйлә Сұлтанқызы "Super Star" жобасындағы кездер үшін әнші Роман Кимнен кешірім сұрады

SuperStar.kz жобасы талай әншінің бағын ашып, үлкен сахнаға жол ашып берді. Жобаға Роман Ким ерекше даусымен есте қалды. Осы ретте жобаға әділқазы болған Ләйлә Сұлтанқызы сол кездер үшін қатысушы Роман Кимнен кешірім сұрады. 

Бұл туралы "Дастархан" бағдарламасында айтылды. 

Бағдарламаға қонаққа келген Айқын Төлепберген, Әсем Жакетаева, Талғат Кенжеболатов, Нұржан Керменбаев, Роман Ким, Әлішер т.б. қатысушы өз қызықтарын айтты. 

Ләйлә Сұлтанқызы осы жобада әділқазы қатарында болды. Тележүргізуші көпшілік алдында Роман Кимнен кешірім сұрады. 

"Мен ол кезде жас болдым. Тұрмыс құрған жоқпын. Тыңдайтын әндерім басқа, талғамым басқа болды. Қазіргі көзқарасыммен мүлде сәйкес келмейді. Есейіп, балалы-шағалы болған соң, өзгерген шығармын. Мен сол кез үшін Роман Кимнен, оның жақындарынан, отбасынан кешірім сұрағым келеді", - деді Ләйлә Сұлтанқызы. 

Роман Ким жобадан кеткен соң сахнадан да көрінбей кетті. Бүгінде отбасылы, екі баланың әкесі. БАҚ-қа берген сұхбатында өзге адамдардың ықпалымен Қазақстаннан кетуге мәжбүр болғанын айтқан еді. Оның телеарналарға шығуына, өзін көрсетуге тыйым салған. Тіпті қорқытып, ұрып кеткен кездері болғанын айтты. 

"Жобадан соң келісім шартқа қол қою керек болдық. Мен одан бас тарттым. Менің мінезім сондай. Менің рұқсатымсыз, келісімімсіз сыртымнан жасағанды жек көрем. Сол үшін шығыспадым. Менің сыртымнан талай нәрселер жасалды. Мен туралы БАҚ-та айтылып жатты. Осыдан соң қысым басталды", - деген еді Роман Ким Тимур Балымбетовке берген сұхбатында. 

Әнші 4 жасынан музыкаға келгенін, скрипкада ойнағанын айтады. 

"Мен 4 жасымда музыка әлеміне келгенмін. Әлі де осы салады жүрмін", - деді ол. 


Singer жобасының қазылары Роман Кимнің жеңісіне сене алмай, дауыс санын қайта тексеріп шыққан


 

Талқылау