Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ләйлә Сұлтанқызы: Мен тоқал емеспін

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы «тоқал» сөзінің түп-төркінін түсіндіріп, өзін “тоқал” деп сынайтындарға жауап берді.

lshek

Бұл туралы Сұлтанқызы L’officiel сайтындағы өзінің жеке блогында жазды.

«Менің әжем атамның үшінші не төртінші әйелі болатын. Біз «неге?» деп сұрағанда, анамыз ол заманда ерлер санының өте аз болғанын, фронттан тек бірең-сараң еркектердің қайтып келгенін айтқан еді. Кез келген ер азаматтың «құны» жоғары болды – ол ақсақ, бір көзі не бір қолы жоқ болса да», – деп жазады Ләйлә Сұлтанқызы.

Ол тоқал алу кезінде қалыпты нәрсе болғанын, ол заманда көпшіліктің бұл ұғымға дұрыс қарағанын жеткізді.

«Тоқал (кіші әйел) қоғам ресми түрде мойындаған, отбасы мүшелерінің барлығы сыйлайтын, дүниеге бала әкеліп, оларды тәрбиелейтін, кейде басқа әйелдерімен бірге, ал кейде бөлек өмір сүретін әйел болған. Иә, мүмкін ол кезде қазақтың әйелдері әлеуметтік жағынан белсенді болмаған шығар, көбінесе үй шаруасымен, баламен айналысты, еріне көбірек бағынды, бірақ ерлері оларды пайдаланып тастап кеткен жоқ қой. Қазақ даласында «жалғызбасты ана», «жесір», «балалар үйі», «қарттар үйі» деген ұғым болмаған», – деп түсіндірді Сұлтанқызы.

Одан кейін тележүргізуші «заманауи» тоқал ұғымына анықтама берді.

«Бүгінде тоқал – отбасы қамалынан сырт жақта құрылатын құпия. Әдетте тоқал өзінен біршама жас үлкен ер адаммен көңіл қосқан жас қыз. Айнұр Исинаның арқасында «тоқал» түсінігі бүгінгі жағымсыз сипатына ие болды», – деп жалғады сөзін тележүргізуші.

Сөз соңында Ләйлә Сұлтанқызы өзін тоқал деп атайтындарға назын жеткізді. Ол ресми түрде жұбайының тоқалы емес, заңды әйелі екенін мәлім етті.

«Ал біз өзгеру, бейімделу заманында өмір сүріп жатырмыз. Бұрынғыдай көшпелі қазақ емеспіз. Әлемдік мәдениеттердің ықпалы жаңа ұлтты қалыптастыруда. Әзірге ол қолымыздан жақсы келіп жатқан жоқ. Біз өзіміз үшін маңызды салт-дәстүрлерімізді жоғалтып барамыз. Біздің отбасы институтымыз дағдарысқа ұшырады. Бір отбасымыз бар ма әлде екеу ме – маңызды емес, бастысы отбасы мүшелерінің бақытты болуы (Бірлігі жоқ үйде береке болмайды). Егер қарапайым отбасында бақытты бола алмасақ, біздің жетістіктеріміз бен экономикалық өсуіміз кімге керек? Бұл орайда мен, Ләйлә Сұлтанқызы, өзімді Қазақстандағы ең танымал тоқалдардың тізімінен көргендіктен, жұбайымның заңды ӘЙЕЛІ екенімді мәлімдеймін», – деп түйіндеді ол.

Жіберіп алмаңыз:

Баян Есентаеваның жанында отырған бейтаныс азамат көпшіліктің талқысына түсті (видео)

Төреғали Төреәлі әкесімен бірге қажылықта жүр (фото)

Гоада демалып жатқан Мейрамбек Бесбаев шашын тақырлап алып тастады (фото)

Қыдырәлі Болманов өзін мазақ қылғандарға жауап берді

Талқылау