AAPL
141.66 $
2.45 %
TSLA
737.12 $
4.52 %
NDAQ
159.28 $
0.64 %
GOOGL
2359.5 $
5.11 %
FRHC
41.06 $
2.65 %
AAPL
141.66 $
2.45 %
TSLA
737.12 $
4.52 %
NDAQ
159.28 $
0.64 %
GOOGL
2359.5 $
5.11 %
FRHC
41.06 $
2.65 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Лай басқан көшенің құжат түрінде жөнделгенін әкімдіктен білдік": Таразда құжат жүзінде жөнделген көше батпаққа батып жатыр

Таразда тұрғындар көшеге тек құжат бойынша асфальт төселгенне ашулы. Олар бөлінген 10 миллион теңгенің кімнің қалтасына кеткенін білу мақсатында әкімдікке сұрау салған. Анықталғандай, жол салуы тиіс мердігер ақшаны алып, жұмысты аяқтамай кетіп қалған. Ал қала билігі қазір қалтаға кеткен қаржыны қайтарудың әрекетін жасап жатыр екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап. 

көше

Белуардан балшық кешкен тұрғындар әкімдікке шағымдарын жеткізу үшін барғанда бұл көшенің бес жылдан бері тақтайдай тегіс екенін естіген. 

“Құжат ашылып жатыр, өзім көзіммен көрдім. “Песчанная көшесі асфальт” дейді. Қалай сенесің сонда? Әкімдік осындай әрекет жасаса, басқасы не істейді”, – деп ашынды Тараз қаласының тұрғыны Таңжарық Тойбаев. 

Судың да сұрауы бар деген ел әкімдікке ақшаның кімнің қалтасында кеткенін білу үшін сұрақ қойған. Әу баста қиыршық тас төсеп, тұяқ серпер тірлік көрінгендей болған. Кейін ол да жалғаспай жолда қалды дейді. 

“Екі жыл бұрын бір жаққа кетіп қалды ғой ақша. 2020 да жаздым, 2021 де болады, қазір қаражат бөлінеді деді. 2021 де жаздым, қазір 2022 жыл болды”, – деді Тараз қаласының тұрғыны Жолдықұл Қырықбай. 

“Қара халықтың бәрі жазып жатыр, пайда жоқ одан. Бұл жаққа қашан үкімет орнайтынын білмеймін. Тараз қаласына сауатты әкім келсе дейміз”, – деп қосты Таңжарық Тойбаев. 

Жауаптылар бұл көшеге бюджеттен ақша әлдеқашан бөлінгенін растады. Бірақ сеніп тапсырған компания жұмысты созып жіберген. Бас аяғы 3,5 шақырым жолдың 5 жылдан бері жыры бітпеуінің басты себебі осы екен. 

“Негізі бұл екі жыл бұрын басталу керек еді. "Жандос ИК" мердігердің тарапынан жұмысты толық істемеген соң, келісімшартты біз бұздық. Сотқа бергенбіз, қаржы енді қайтарылды. Бөлінген қаржы 10 миллионға жуық. Биыл да соны конкурсқа қайтадан беріп, жұмыстар қайта басталадыә, – деді Тараз қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының міндетін атқарушы Мақсат Нұржанов. 

Әкімдіктегілер жол жөндеу жұмыстары алдағы уақытта басталады деп сендірді. Ал алданып келген тұрғындар берген ақшасына бақылауды босатып қойған әкімге сенбейтіндерін жеткізді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр