Лаңкестік жасауға шақырған: Шымкентте терроризмді насихаттаған ер адам ұсталды
Шымкентте терроризмді ашық насихаттап жүрген азамат ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтене жасап хабарлайды.
Фото видеодан алынған
Ер адам жұртты лаңкестік жасауға шақырып үгіттеген. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы жасағы оны көшеде қолға түсірді.
Күдікті Шымкент қаласының тұрғыны, ұзақ уақыт шетелде білім алған. Сол жақта жүріп жат ағымның жетегінде кеткен. Өзінің ғана санасы уланып қоймай, елге келген соң әлеуметтік желі арқылы уағыз айтып, лаңкестікті ашық насихаттапты. Қоғамға қауіп тудырған азаматты арнайы жасақ ұстап, қамауға алды. Қазір оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Еске салсақ, бұған дейін Атырау облысында бұрын лаңкестік әрекет ісі бойынша сотталған 17 жастағы діни радикал ұсталғаны туралы жазған едік.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"