Қызылордалық шемішкенің қабығы үшін күйеуін пышақтап өлтірді
Ерлі-зайыптылардың тазалыққа деген талабынан дау туындап, соңы адам өлімімен аяқталды.

Әйелі мен күйеуі аулада семішке шағып отырған. Келіншек орнынан тұрып баражатып шемішкенің қабығын шашып алады. Күйеуінің семішке қабығын жина деген ескертуіне құлақ аспаған келіншек үйге кіріп кеткен. Отағасы әйеліне дегенін істету үшін ізінен келіп, оны дауыс көтеріп ұрыса бастаған. Ашуланған келіншек ас үй пышағын күйеуінің кеудесіне сұғып алып, ол сол жерде қайтыс болып кетеді.
Қызылорда облысындағы ауданаралық мамандандырылған сот істі қарап, әйелге 10 жыл бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған. Келіншек жалпы режимдегі түзету мекемесінде жазасын өтейтін болады. Сот үкімі қазірге заңды күшіне енген жоқ.
Бұл отбасында кәмелет жасына толмаған екі бала ата-ана қамқорлығынсыз қалды.
Азық-түлік жеткізетін Airba Fresh сервисі жабылды: Жұмыссыз қалған қызметкерлер енді өтемақы ала алмай жүр
Оның сөзінше, қызметкерлерден жұмыстан өз еркімен шығу туралы өтініш жазу талап етілген
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"