Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада екі аяқты мысық, алты аяқты қозы туылды (фото)

Естімеген елде көп. Соңғы уақытта Қызылордада жаратылысы өзгеше жануарлар дүниеге келуде. Олардың бірі алдыңғы екі аяғы жоқ мысық болса, екіншісі алты тұяқты қозы.

7474

Адам таңғаларлық жағдайларға Stan.kz сайтының өңірдегі тілшісі де куә болып қайтты.

1616

1515

Бұл мысық Қызылорда қаласына қарасты Қаракөл ауылында дүниеге келген. Туылғанына 1 ай болған бұл жануардың алдыңғы екі аяғы жетілмей қалған. Кішкентай марғау соған қарамастан асыр салып ойнап, бауырымен жорғалайды. Тіпті кей-кезде адам секілді екі аяғымен жүріп таңғалдырады.

3232

Анасының аты – Маркиза. Егелерімен тұрғанына 4 жылдан асқан. Үй жануарының иесі осы уақытқа дейін мұндай жағдайдың болмағанын айтады.

1717

“Шынымды айтсам, басынды шошып кеттік. Тіпті, ұзатпай көзін құртамыз ба деген ойлар да болды. Бірақ мысықтың қарғысынан қорықтық. Обал болды. Қазір анасының жанында жүр. Үйімізде қалдырамыз деп шештік”, – дейді ауыл тұрғыны Фарида Шалбаева.

6565

Жаратылысы ерекше мысықпен бірге тағы да екеуі дүниеге келген. Алайда, оларды жаңа иелері алып кеткен. Бауырларынан бөлектенген мысық басында жалғызсыраған екен. Қазір біртіңдеп үйренісіп келеді.

Табиғаттың мұндай тосын әрекеті көпшлікті таңғалдыруда. Алайда, жұрттың басым көпшілігі экологияның зардабы болуы мүмкін деген пікірде.

Қаракөл ауылында жаратылысы өзге жануарлардың тағы бірі – алты аяқты қозы. Сәуірде туылған жануардың төс тұсынан тағы екі тұяғы салбырап тұр.

1212

Алайда, бұл құбылыс қозының емін-еркін қозғалып, жүріп тұруына кедергі келтірмеуде. Жануарлардың бұлайша туылуы жергілікті тұрғындарды шошытып жатқандары рас.

1414

Ауаның уланғанынан дүниеге келетін балаларымыз да кеміс болып туылмаса дейді.

Талқылау