Қызылордада тегін киім тарататын дүкен ашылды
Келушілерге тегін киім үлестіретін әлеуметтік дүкендер бұған дейін еліміздің бірнеше қалаларында ашылған болатын. Қалың жұртшылықты қайырымдылық жасауға жетелеген игі шара енді Қызылорда облысының Шиелі ауданында да жалғасын тауып отыр.

Дүкеннен аудандағы мұқтаж жандар өздеріне керекті киім-кешекті тегін ала алады. Ал, қайырымды жандар әкеліп өткізген киімдер арнайы тазартудан өткізіліп, дүкен сөрелеріне сұрыпталып қойылады. Тіпті, тұрғындардың киім өткізулеріне де қолайлы жағдай жасалып, «рахмет жәшігі» де орналастырылған. Игі бастаманың авторлары алдағы уақытта «рахмет жәшіктерін» бірнеше жерге қоюды көздеп отыр.
muslim.kz
Жіберіп алмаңыз:
Қарапайым өзбек жігіттің жомарттығы желі қолданушыларын тебірентті
Мамандар ұялшақ адамдардың мейірімді әрі жомарт болатынын айтады
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды