Қызылорда облысында жергілікті тұрғыннан 27 тонна балық тәркіленді
Қызылорда облысы Қазалы ауданының прокуратурасы азаматша Құрманғалиеваға тиесілі балықтарды тәркілеген.

Фото: inform.kz
27 тонна балық тоңазытқышта сақталыпты. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Аталған дерек бойынша аудандық прокуратура әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 389 бабы 1 бөлімі негізінде хаттама толтырған. Талапқа сай ветеринарлық құжаттардың болмауына байланысты дерек сотқа жөнелтілді.
Сот шешімімен балықтар тәркіленіп, ереже бұзған азаматшаға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынған. Тәркіленген балықтар өкілетті орган арқылы сатылып, бюджетке 1,5 миллион теңге түскен.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"