Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Құжат бойынша туған – мен": Үш баланы бауырына басып, АҚШ-қа қоныс аударған блогер күтпеген мәлімдеме жасады

Әлеуметтік желіде “Жаным баклажаным” лақап атымен танымал блогер Айдын Тоқсанбаева оқырмандарының кейбір сұрақтарына ашық жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/janym_baklajanym/

Көпбалалы ана АҚШ-тың Чикаго қаласында тұрып жатыр. Блогер оқырманының “Балалар биологиялық анасымен кездесіп тұра ма?” деген сұрағына кеңінен тоқталды.

“Қазір биологиялық анасының балаларға еш қатысы жоқ. Өйткені құжат бойынша туған – мен. Олардың қамқоршысы емес, анасымын. Менен балаларды ешкім тартып ала алмайды. Балаларға өзім айтамын. Көремін десе, таныстырамын. Көрмеймін деген дәреже жеткізбеймін. Өйткені ол жандарға менің алғысым шексіз. Амандығын әрдайым Алладан сұрап жүремін. Биологиялық анасы маған келіп ұрыс шығара алмайды. Себебі қай уақытта да көремін десе, қарсы болмағанмын. Қазақстанда жүргенде көрсетіп, кейбіреуін үйге де алып келгенмін Олар маған риза”, – деп жан сырын ақтарды блогер. 

 


Сондай-ақ, жас ана болашақта балаларының өміріне де араласпайтынын жасырмады. 

“Балаларымның таңдауына қарсы болмаймын. Барлығын өздері шешеді. Тіпті кімге үйлену керек екенін де айтпаймын. Оған араласуға құқығымыз жоқ. Бірақ қазақ қызына құда түсіп баратынымды елестетемін”, – деп әзілдеді блогер. 

    Фото: https://www.instagram.com/janym_baklajanym/

Еске салайық, блогердің шетелдік күйеуі төрт баласын түсінде көргенін жазған едік. 

Талқылау