Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайлық студент Қайрат Нұртас пен «Кеш You» тобының әндерін жатқа біледі (видео)

Бейжің шет тілдері университетінде магистратурада «орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім алатын 3 курс студенті Ли Чунъян қазақ әндерін жатқа біледі әрі сүйіп шырқайды. Ол «Қазақстан орталығында» таяуда ғана қазақ тілін үйренуге ден қойған.

20161025033057

Бұл туралы ҚазАқпараттың Қытайдағы тілшісі хабарлады.

«Мен бірнеше мәрте қазақ тілін үйрену сабақтарына қатыстым. Бұған дейін қазақ әндерін мағынасын білмесем де жаттап алған болатынмын. Маған олардың әуені мен ырғағы өте ұнайды, сондықтан мен қазақ тілін факультативтік пән ретінде таңдап алдым. Менің атым Чунъян қазақша «үлкен мұхит» деп аударылады, «ян» деген сөз «жан» секілді естіледі, сондықтан мен қазақша Байжан деген атты таңдадым. Маған Жанар Дұғалова мен «Кешью» тобының өнері, Қайрат Нұртастың орындауындағы «Алматының түндері-ай» әні ұнайды», – деді ол. Кейін ол «Ризамын» әнінің бір шумағын орындап берді.

Еске сала кетсек, Бейжің шет тілдер университетінің жанындағы  «Қазақстан орталығында» шамамен 90 қытай студенті тіл үйреніп жүр.

Жіберіп алмаңыз: 

Жолдасов өзінің қызын Еркемен салыстырғандарға жауап берді

Мәдина Сәдуақасова екі көзі көрмейтін әнші қызға продюсер болмақ (видео)

Актер Аманғали Сыпабеков бойдақтық өмірмен қош айтыспақ

Қайрат Нұртас қазақстандық “Голос” жобасына үміткер ретінде қатысты (видео)

Талқылау