Қытайда ашыққан пілдер бір ауылды басып алды
Қытайдың Юньнань провинциясына әбден ашыққан пілдер жайлап кеткен. Елдімекенді пілдердің басып алған сәтін Қытайдағы танымал CCTV+ телеарнасы көрсеткен.

Пілдерді көрген тұрғындар есіктерін бекітіп, өздері үй шатырына шығып кеткен. Ал жануарлар болса ауылды түні бойы кезген. Телеарна мәліметінше, оқиға қаңтар айының соңында Сишуанбан-Дай автономиялық ауданында болған.
Тіпті бір піл жолға көлденең тұрып алып, жол қозғалысын 20 минутқа тоқтатып тастаған. Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, аш пілдердің саны 14 болған.
Пілдер туралы қызықты деректер
Алматылықтар үй сыртындағы тарихи тақталарды алып тастауға қарсы шықты
Желі қолданушысы: "Ғимараттардың сыртқы келбетін бұзатын кондиционерлер орнатуға, балкондарды әйнектеуге жол бермеу керек еді"
Абай облысында 180 миллиард теңге жұмсалған жол үгітіліп жатыр
Орталық: "Нысандарды пайдалануға беру және учаскелер бойынша қорытынды есептерді дайындау алдында барлық анықталған кемшілік толық жойылған"