Құны 104 миллион теңгеден асады: Шенеуніктен тәркіленген Bentley көлігі мемлекеттік ұйымға тегін берілмек
Қазақстанда электронды сауда арқылы құны 104 миллион теңгеден астам бағаланған 2021 жылғы Bentley Bentayga V8 көлігі мемлекетке ұйымға берілмекші. Бұл көлік лауазымды тұлғадан тәркіленген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Bentley Motors
Автокөлік мемлекеттік қызметкердің лауазымдық өкілеттігін пайдалану ісі бойынша тәркіленген. Көлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өтініші бойынша Астананың тергеу сотының бұйрығымен арестке алынды.
Ал қазіргі сауда-саттық ескертпесінде "бұл ұсыныс мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтайтын, заң бұзушылықтың алдын алып, жолын кесу мақсатында мемлекеттік заңды тұлғаларға арналған" делінген.
Бұған дейін сауда-саттыққа 2017 жылы шыққан Bentley Bentayga W12 қойылған еді. Оның нарықтық құны 83,9 миллион теңгеге бағаланған. Бірақ ол құнның жарты сомасы, яғни 46,3 миллион теңгеге сатылды.
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?
Мамандар әзірге ауру жаппай өршіді деуге негіз жоқ екенін айтады
"Шай құймаймын, бір рет те тамақ пісірмедім": Түрікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы енесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Дина: “Күйеуім Алматыдан үй алуыма көмектесіп, ауырғанда жанымнан табылды”