Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құлпытастарды бұзып, мәрмәр тас ескерткіштер қақ бөлінген: Қарағандыда вандалдар мұсылман зираттарының тас-талқанын шығарып кеткен

Қарағандыға қарасты Пришахтинск елді мекенінде вандалдар мұсылман зираттарын қасақана қиратып кетті. Адам шошырлық оқиғаны ұялы телефонына түсірген куәгер видеосын әлеуметтік желіге жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия бірінші" арнасыны сілтеме жасап хабарлайды.

"Міне қараңыздар, мұсылмандардың зиратына біреу келіп, бәрін қиратып кеткен. Бұл жүк машинасының ісіне ұқсайды. Қараңыздар. Бастапқыда жөндеу жұмыстарын жүркізетін шығар деп ойлаған едім. Олай емес екен", - дейді видео авторы.

Бірнеше құлпытастар бұзылып, мәрмәр тас ескерткіштер қақ бөлінген. Бұл жағдайға қатысты марқұмдардың туыстары өз наразылықтарын білдірді. Олардың айтуынша, қаскүнемдер қабірлерді көлікпен таптап өтіп, тас-талқанын шығарған. Жолдың маңында машинаның дөңгелектерінің іздері қалған. Ал полицияның мәліметінше, осы дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, қаскөйлер іздестірілуде.

"Христиан болсын, басқа дін болсын бәрі бір адам. Дүниеден өтеді, бірақ өлген адамға құрмет көрсету керек. Біз білмейміз енді мұнымен органдар айналысатын шығар. Біз бұған ештеңе істей алмаймыз", - дейді жергілікті тұрғын Аян Дарбаев. 

Талқылау