Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Күйеуінен таяқ жемеген әйел - әйел емес!": Әйелге қол көтеру енді театр сахналарында да дәріптеліп жатыр

Отандық арналар, мәдениет ошағы болып есептелетін театр сахнасынан, қалаберді той-домалақтарды әйелге қол көтеруді қалжыңға айналдырып, дәріптеу белең алып келеді. Отандасымыз Фариза Оспан өзінің парақшасында күнделікті халық миын улайтын контенттен үзінділер салып, әйелдерге көрсетілетін зорлық-зомбылықты доғаруға шақырады. 

Айта кетсек, БҰҰ-ның деректеріне сүйенсек, жыл сайын әлемде 50 мыңға жуық әйел, қыз бала ерлердің қолынан қаза табады. Қаскөйлердің басым бөлігі - туған әкелері, жұбайлары, өгей әкелері. Қазақстанда бұл көңіл көншітпейтін цифра 400 адам шамасында. Күні кеше астанада азамат заңдық некедегі жұбайын ұрып-соғып, артынан үстіне жанармай құйып, өртеп жіберген. Әйелдің 75% денесін күйік шалып, тек аяғының тізесінен төмен бөлігі ғана аман қалды. Бірнеше апта аурухананың жансақтау бөлімінде жатқан келіншек тілге келместен бақилық болды. 

Осы күнге дейін әйелдің "шыдамды, төзімді болуы", "балалар үшін шыдауы", "ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды" деген керітартпа сөздердің кесірінен қоғамымызда, мәдениетімізде әйелге қол көтеруде тұрған ештеңе жоқ деген сенім қалыптасқан. 

Осыдан 20 жыл бұрын "Шаншар", Тамаша" әзіл-сықақ театрларында дәріптеліп келген әйелге қатысты зорлық-зомбылық тақырыбы заман көш ілгері басса да толастар емес. "Шаншар" жетекшісі Уәлибек Әбдірайымовтың бір скетчінде "Әйелімді салып қалсам, ұр-ұр, тағы ұр деп деп айқалайды. Сосын өзі ұр деп сұрап тұрғасың, қалай ұрмайсың?!" деген кейіпкердің сөзі тіпті аңызға айналды десек артық емес.

Отандық сазды телеарналардың бірінде жарық көретін "Сериал емес" деген топтаманың бір шығарылымында оқытушы күйеуі өзіне қол көтергенін ақтауға тырысуда. 

Арна басшылығы мен продюсеріне хабарласқан бір топ белсендінің әрекеттері еш нәтиже әкелмеді. Арна өкілдері жаауап беруді жөн көрмеді. Нұртас Адамбаев, Тимур Балымбетов, Калияның бастамасымен бір топ белсенді еліміздің құқық қорғау органдарына арызданып, Ішкі істер министрлігі аталған сериалдан зорлық-зомбылықты дәріптейтін элементтердің бар-жоғын тексеруге уәде етті. Әзірге телетоптама көрсетіліп жатыр. 

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"ҰБТ сертификаттары жоқ студенттер жүр": Екі университеттің лицензиясы тоқтатылды

Жұмысқа орналасу пайызы белгіленген нормаларға сәйкес келмейді, яғни 50%-дан кем

Алматы облысында мектепке кеткен қос құрбы жоғалды

Тәртіп сақшылары қос құрбы Алматыда жүрген болуы мүмкін дейді

#Бізбіргеміз челленджі: Танымалдар жарысып қар тазалауға кірісті (фото, видео)

Тұрсынбек Қабатов: Әр азамат қала тазалығына, тәртібіне өз үлесін қосу керек

Қызылордада көпбалалы ана экс-күйеуін өлтіру үшін жендет жалдаған

Ол 7,5 жылға сотталды

"Жалғызымның артында аңырап қалдық": Алматы облысында ағайындар араздасып, бір адам өлді

Жарақаттарын көріп, дәрігерлер жаға ұстап отыр

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қанша жалақы алатынын айтты

Нұрымбетов: 1 миллион теңгеден аз

Алматыдағы Никольский базарының орнына тұрғын үй кешені салынады

Бұған дейін базар орнына сауда орталығы салынады деген болжам айтылды

Ислам мемлекетінің 8 жасар баласы нигериялық азаматты өлтірді

Ол христиан дінін мойындайтын қара адамды атып өлтірді

Боранға байланысты Қазақстанның бірнеше жолы жабылды

ТЖМ жүргізушілерден ұзақ сапарлардан уақытша аулақ болуды сұрайды

Жасөспірімдермен жанжалдасқан: Ресейде көз жұмған қазақстандық подполковниктің өлімі жайлы деректер шықты

Жексеновтың үй маңында темекі шеккен жасөспірімдермен жанжалдасқаны айтылды
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр