Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасы қарыз болғандықтан күтуші балаларды көрсетпей қойған: Талдықорғанда көз жұмған 3 жасар баланың өліміне қатысты жаңа мәліметтер айтылды

Жетісу облысында күтуші үш жасар баланы өлімші етіп сабап, өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап. 

көз жұмған баланың анасы

Дәрігерлер оның денесінен бірнеше жарақат тауып, басы ауыр зақымдалған деген диагноз қойды. Бала бір жасар інісімен бірге күтушінің үйінде тәулік бойы бақылауда болған. Анасы баспанасы болмағандықтан осы қадамға баруға мәжбүр болғанын жеткізді. Ол балаларды жағдайын қамтамасыз ету үшін бірнеше жұмыс істеген. 

Әйелдің айтуынша, 12 қыркүйекте оған қоңырау шалып, баланың өзін нашар сезінетінін хабарлаған. Баланы ауруханаға апарған кезде сол жерде көз жұмған. 

Баланың өліміне анасы Қарлығаш есімді күтуші кінәлі деп отыр. 

“Бала күтімі бойынша оған қарыздар болып қалған едім. Сол себепті күтуші оларды маған беруден бас тартты. Кіші ұлым бір жасқа толғанда оған хабарласып, оның туған күнін атап өткім келетінін айттым. Қолхат жазып берейін, туған күнінде алып кетейін дедім. Ол маған “ақша қарызсың, қашан бересің” деді. Қаражат болмай жатқанын айтып, күте тұр дедім. Дэвид пен Захарды көрсетші, сағындым дедім. Сенбеймін, бермеймін деді”, – дейді әйел.

Мадина Таукенова өзінің үйі жоқ жетім екенін айтқан. Жағдайы болмаған соң, Талдықорған қаласындағы қонақүйлер мен әртүрлі мекемелердің еденін жуып, ақша тапқан.

“12 қыркүйек телефон соғып, бала қатты ауырып, дене қызуы көтеріліп жатыр деді. Барып қарасам, бетінің сау жері жоқ, құлағына дейін көгерген, қолы тастай, баламның аузы ашық, көзі ашық, ес түссіз жатыр екен. Олар маған біресе ваннада құлады, біресе талып құлады деді. Қарлығаш “полиция келсе, мені бала күтуші деп айтпа, туысқан тәтем деп айт” деді. Баланы ұрдыңыздар ма деп едім, “жоқ” деді. Баланы өзім ауруханаға апардым, дәрігерлер қабылдап алып, сыртта күтіңіз деді. Көп уақыт өтпей, шамамен жарты сағаттан кейін дәрігер шығып, “иманды болсын, бала көз жұмды” деді. Мен өз құлағыма өзім сенбей, баламды көрсетіңіздер дедім. Әлі де болса баламнан айырылып қалғаныма сене алар емеспін”, – дейді ол.

Жетісу облысы бойынша полиция департаменті өкілі тергеу аясында баланың бірнеше рет соққыға жығылғаны алдын-ала анықталғанын айтты. 

“Бастапқыда біз оны ұстап, уақытша ұстау изоляторына орналастырдық. Алайда қалалық сот оған қатысты үйқамаққа алуға санкция берді. Аталған факті бойынша қылмыстық тергеу ҚР ҚК 106-бабы, 3-бөлігі “Денсаулыққа қасақана зиян келтіру”  бойынша жүргізілуде. Қазір сот қаулысына қала прокуратурасы облыстық сотқа қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы жеке наразылық енгізді”, – дейді деді Жетісу облысы бойынша ПД ресми өкілі Көбей Нұрахмет. 

Талқылау