Криштану Роналду спорттық мансабын аяқтай ма? — Футболшының өзі жауап берді

Фото:Getty images
Португалия мен "Аль-Наср" клубының аңыз ойыншысы Криштану Роналду спорттық мансабын қашан аяқтайтына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Даңқты футболшы бұған дейінгі сұхбаттарында Әлем чемпионатын жеңбей, мансабымды аяқтамаймын деп айтқан.
Ал енді ол Сауд Арабиясы Про-лигасының 7-турында өткен "Аль-Фейх" — "Аль-Наср" (1:2) матчыннан кейін алдағы жоспарымен бөлісті.
“Бұл — мен үшін де, бүкіл команда үшін де керемет кеш. "Аль-Наср" жеңіске жетті, мен екі гол соқтым — бұл өте маңызды. Әрқашан спортта ұзақ ойнауға тек құштарлық көмектеседі деп айтып келемін. Мен алаңға шыққанда өзімді тамаша сезінемін, сондықтан спорттық мансабымды жақын уақытта тоқтатпаймын. Жасыл алаңда ойнауды әлі де жалғастырғым келеді”, — деді Роналду.
Айта кетейік, жуырда Криштану Роналдуның ұлы Португалияның жасөспірімдер құрамасында дебют жасап үлгерді. Футболшы бұған дейін ұлымен бір командада доп тебу — басты армандарының бірі екенін айтқан еді. Қазіргі таңда 40 жастағы Роналду Сауд Арабиясы Про-лигасының жеті ойынында 8 гол соғып, тамаша формада екенін дәлелдеп жүр. Жалпы алғанда, ол 2023 жылдан бері "Аль-Наср" сапында 84 кездесуде 82 гол соққан.
"Жастар практикасы" арқылы жұмыс таптым": Қазақстандық колледж түлегі кілем фабрикасында еңбек жолын қалай бастағанын айтып берді

