Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Автобуста жол ақысын банк картасымен төлеген қостанайлықтардың ақшалары жоғалуда

Қостанайлықтар автобуспен жүргеннен кейін банк карталарындағы ақшалары жоғалғанын айтып дабыл қақты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап. 

карта

Тіпті қоғамдық көлікті пайдаланғандары үшін түнде де қаражат шешілетін көрінеді. 

Студент Анастасия Червинская банк картасынан қоғамдық көлікпен жүргеннен кейін бірнеше рет ақша шешілгенін байқаған. Түнгі уақытта да өздігінен төлем жасала береді дейді ол.  

“Меннен төрт рет ақша шешіп алды. Бір рет және қосымша үш рет төлем өздігінен жасалды. Шамамен 400 теңге қаражатымды алған. Онымен қаймай, түнде тағы төлем жүзеге асты. Банктен анықтама сұрайды, құжат толтыру қажет”, – дейді  Анастасия Червинская. 

Қоғамдық көлікте қолма-қол ақшасыз есеп айырысу Қостанайда алты айдан бұрын енгізілді. Тұрғындар Alempay көлік карталарымен, қарапайым банк карталарымен және QR -код арқылы төлем жасай алады. Осыған дейін де жеке адамдарда мұндай жағдайлар орын алған. Алайда осы жолы жаппай картамыздан ақша шешіп жатыр деп шағымданды тұрғындар. Тіпті кейбір адамдардан он мың теңгеге дейін қаражат шешіп алған. 

“Барлық негативтер, есептен шығаруға қатысты барлық шағымдар, валидатордың дұрыс жұмыс жасамауын жүргізушілерден көреді. Олар ашуланып, жұмысқа шығудан бас тартты. Бұл банк карталарынан шешіліп жатыр, көлік карталарына ешқандай қатысы жоқ”, – дейді Юрий Панасенко. 

Әкімдік бұл сәтсіздік Alempay операторының кінәсінен емес, екінші деңгейлі банктің жұмысында орын алғанын, сол себепті жолаушылар картасынан қаражат бірнеше рет шешіліп алынғанын хабарлады.

“Ақпарат жиналады, өңделеді және келесі аптада жол жүру ақысын жинаудың электронды жүйесін шығаратын компания алынған ақшаны теңгерімге қайтарады”, – дейді Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Нұралы Есергепов. 

Жазбаша өтінішпен жүгінудің қажеті жоқ, бәрі автоматты түрде қалпына келтірілетінін уәде етті шенеуніктер.

Талқылау