Қостанайлық отбасы "Аңсаған сәби" бағдарламасы арқылы үшемнің ата-анасы атанды
Отбасыларында үшем дүниеге келген Алена мен Игорь Лукиндерді Қостанай әкімі Марат Жүндібаев құттықтап, меценаттар атынан 1,5 миллион теңгенің сертификатын табыстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
"Соңғы 20 жылда қалада 5 отбасы үшемнің ата-анасы атанды. Біздің қаламыз үшін бұл сирек жағдай. Балалар жылында жас қостанайлықтардың ата-ана атану туралы арманы орындалды. Олардың отбасылары үлкейді", - деді Марат Жүндібаев.
Қала әкімі Қазақстанда 2021 жылдан бастап президенттің тапсырмасы бойынша "Аңсаған сәби" әлеуметтік бағдарламасы жұмыс істейтінін айтып өтті. Лукиндер отбасы да бұл бағдарламаны қолданған.
"Ана атану – үлкен бақыт, дәрігерлер және мемлекеттің арқасында жас ата-ана үш еселенген мейрамды тойлайды. Балалар мен ата-анасына денсаулық, сабыр мен отбасына береке тілеймін", - деп түйіндеді Марат Жүндібаев.
Жас отбасы қуаныштарын жасырмайды, олар сәбилі болуды 7 жыл күткен. Балаларын Милана, Арина және Артем деп атаған.
Талқылау

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады