Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда аязды күнде ауруханадан шығып кеткен зейнеткер далада үсіп өлген

Ем алудан бас тартқан 68 жастағы зейнеткердің мәйіті көшеден табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ДСМ

Дәрігерлердің мәліметінше, 29 ақпан күні әйел жедел жәрдеммен қалалық аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілген. 

“Емдеу кезінде ол жедел жәрдем дәрігеріне қаралып, талдаулар алынып, стационарлық емдеуге жатқызу ұсынылды. Бірақ науқас ауруханаға жатудан жазбаша түрде бас тартты”, – делінген хабарламада.

Жедел жәрдем қызметкерлері зейнеткерге ауруханадан үйіне дейін такси шақырып берген. Алайда ол үйіне бармаған. Іздеу жұмыстарына 50-ден астам полиция қызметкері, 150-ге жуық ерікті және қала тұрғындары жұмылдырылды.

Араға уақыт салып Қостанай облысының полиция департаментіне сағат 19:30 шамасында Станционная көшесінің маңында зорлық-зомбылық белгілері жоқ зейнеткердің мәйіті табылғанын мәлімдеді. 

“Өлімнің алдын ала себебі – гипотермия. Осы факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды”, – делінген хабарламада.

 

Талқылау