Қостанай облысында із-түссіз жоғалған 16 жастағы қыздың денесі табылды
Қостанай облысында із-түссіз жоғалған 16 жастағы қыздың денесі табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы жергілікті "Регион 10" еріктілер тобы хабарлады. Бойжеткен 26 маусым күні Әулиекөл ауылындағы үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, жоғалып кеткен. Полицейлер мен еріктілер оны екі күн бойы іздеді. 28 маусымда қыз өлі күйінде табылды.
Алматыда көшелердің бірінде жалаңаш әйелдің денесі табылды
"Полиция Әулиекөл ауданында 16 жасар қыздың мәйітінінің табылу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, оқиғаның мән-жайы анықталуда”, – делінген Қостанай облысының полиция департаментінің хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Германияда жоғалып кеткен қазақстандық судьяның денесі табылғаны туралы жазған едік.
"Жалаңаштанып айға қарап, рәсім жасайды": Батыс Қазақстандағы бір ауылдың тағдырын жат ағым қалай өзгертті?
Мадхалиттердің 4-5 жыл бұрын депутаттық корпусқа үміткер болуға талпынғандары да болды
"Саябақтарда қонып жүрмін": 21 жастағы қазақстандық балалар үйінің түлегі далада қалды
Жетім балалар неге кәмелетке толған соң көше кезіп қалады?