Қостанай облысында қасқыр ер адамға шабуыл жасады
Қостанай облысының Наурызым ауданында ер адамға қасқыр шапты. Оқиға 24 желтоқсанда Қарамайша ауданында болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Qostanai.media басылымына сілтеме жасап.

Жыртқыш жануар жеке үйдің ауласына кіріп кеткен. Осы кезде далаға шыққан ер адамға шабуыл жасаған. Оның дауысын естіген көршісі көмекке келіп, қасқырды балтамен ұрып өлтірген.
Қазір 40 жастағы Қарамайша ауылының тұрғыны аудандық ауруханаға жатқызылған. Өміріне ешқандай қауіп төнбейді. Ал өлтірілген қасқыр облыстық орталыққа сараптамаға жіберілген.
Айта кетейік, бұған дейін Өскеменде 6 жастағы қызды иттер талап өлтірген еді. Марқұмның анасы қызына қасқырдың шабуылдауы мүмкін екенін жоққа шығармады.
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”
Қазақстандық әйел липосакция жасатамын деп өлім аузынан қалды: Оған отаны мейіргер жасаған
Бану: "Оның процедура өткізуге ешқандай рұқсаты болмаған"