Қостанай облысында 21 адам бруцеллез жұқтырған, оның төртеуі бала
Қостанай облысында соңғы айларда бруцеллез жұқтыру жағдайы көбейіп кеткен. Соңғы 6 ай аралығында 21 адамнан осы ауру анықталып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстан телеарнасына сілтеме жасап.
Дерекке сүйенсек, соңғы алты ай ішінде бруцеллез анықталған 21 адамның төртеуі бала.
Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 5 пайызға көп. Ал республикалық орташа көрсеткіштен 2 есе жоғары.
Бруцеллез дерті ішкі органдарды зақымдап, асқынған жағдайда кемтарлыққа соқтыруы мүмкін. Індет адамға ауру малдың етін, сүтін тұтынғанда жұғады.
“Барлық жағдайда ауырған адамдар індетті өздерінің үйіндегі жануарлардан жұқтырған. Әзірге олардың арасында дерті асқынғандар жоқ. Тиісті емшараларды қабылдап жатыр”, - дейді облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлім Досымова.
Еске салайық, бұған дейін еліміздің екі өңірінде бруцеллезге байланысты шектеулер енгізілетінін жазған едік.
Алматыдағы жол жөндеуге кім жауапты: Мердігер компаниялар қанша миллиард теңгеге келісімшарт жасаған
Жол жөндеу жұмыстарын 5 компания жүргізіп жатыр
Бір жыл бұрын салынады делінген 3,5 миллиард теңгелік футбол академиясының құрылысы әлі басталмаған: Тараз әкімдігі себебін түсіндірді
Әкімдік: "Оның құрылысына дайындық, жобалау, сараптамадан өткізу және құрылыс жұмыстарын бастау секілді әрбір кезең белгіленген тәртіп пен мерзім қажет"
