Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көрші тұрамыз": Жахан Отарғалиевпен кездескен жанкүйері тосын жаңалықты жеткізді

Танымал әзілкеш Жахан Отарғалиев пен Балжан Бидаштың өмірі әлі ел аузында талқыланып жатыр. Жұлдызды жұп екі жаққа кеткенін ресми растаған еді. Алайда әзілкештен экс-әйелі туралы сұрайтындар аз емес екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жахан Отарғалиевтің Stories-і

Астанадағы ойын-сауық орталығынан актерды көрген жұрт экс-жұбайы туралы сұрады. 

“Сіздің әйеліңіз болған Балжан Бидашпен бір аулада тұрамыз. Алматыда. Көрші тұрамыз. Бір күні курьер келіп, гүл мен сөмке әкеліп берді. Біз оны көзімізбен көрдік. Сосын оны Балжан инстаграм парақшасына салды”, – деп айтты бейтаныс келіншек. 



Оны естіген Жахан күліп, таңданып қалды. 

“Шынымен айтып тұрсыз ба?! Көрші тұрасыздар ма? Күннен күнге жанашыр оқырмандарыма деген махаббат ашылып жүр. Мені де жақсы көретін адамдар аз емес екен ғой. Ертерек далаға шығу керек еді”, – деп әзілдеді актер. 

  Фото: Жахан Отарғалиевтің Stories-і

Талқылау