Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Коронавирусты ойлап тапқан адамдардың Алла жазасын берсін": Шахизаданың ағасы көз жұмды

Әнші Шахизаданың ағасы ауырып қайтыс болды. Қаралы хабарды әншінің өзі мәлімдеді.

"Иманды бол аңқылдаған Сағатбек ағатайым менің, алдынан жарылқасын жаның жәннәтта болсын! Алла өз панасына алсын. Қош бол, бауырым. Коронавирусты ойлап тапқан адамдардың Алла жазасын берсін", - деп жазды Шахизада.

Қазаны ауыр қабылдаған әнші ауруды ойлап тапқандарға қарғыс айтты.

Желідегі жұрт сабыплық тілеп, қайырлы болсын десті. 

"Шақа! Қайғыңа ортақпын! Иманды болсын! Алла артындағы ұрпағына иман берсін!", "Сағатбек құда өте жақсы адам еді.Мәдинетті кішіпеиіл артық сөзі жоқ.Алла өз панасына алсын.Қаиғыңызға ортақпыз Шакизада құдаша.Жаны жаннатта болсын", "Иманды болсын...Өкінішті ақ. Бекем бол,Шахи...Амал бар ма...Жаным,қайғыңа ортақпын", "Иманды болсын әпке! Жаны жаннатта, қараңғы түні жарық болсын!", "Иманды болсын! Алла біліп білмей жасаған күналарын кешірсін!", "Иманды болсын! Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!", - деп жазды көпшілік.


"Үш қабатты үй дайындап жатырмын": Шахизада жаңа келінін перзентханадан шығарып алды (фото, видео)


 

Талқылау