Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирусты қолдан көбейтіп жатыр – Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінде пікір білдірді

Әлеуметтік желіде коронавирусты қолдан көбейтіп жатыр деген ақпарат тарады. Оған қоса желі   қолданушылары зиянды вирусты белгісіз біреулер тікұшақпен шашып жүр деген мәліметті кездестірген. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінде бұған қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме беріп хабарлайды.

Шетелдік басылымдардың бірі COVID-19-дың омикрон штамына ұшақтар әдейі шашады деп әуежайдағы фотосуретті салып, мақала дайындаған. Белгілі болғандай, бұл ақпарат жалған болып шықты.

Әуе кемелеріндегі омикрон деп жазылған қапшықтарда италиялық құрылыс заттарын шығаратын "Омикрон" компаниясының өнімдері болған. Осыған ұқсас ақпараттар елімізде де тарады. Бұл мәліметтің бәрі жалған, дейді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі.

“Құрметті, қазақстандықтар! Сіздерді жалған ақпараттарға сенбеуге шақырамын,  әуе ұшақтары арқылы улы заттар не болмаса қандай да бір вирустар тарату туралы ақпарат жалған  болып саналады. Мұндай тіпті  дүниежүзінде де жоқ”, – дейді ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық Бақытау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанов.


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр