Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирусқа қарсы вакцина бедеулік тудыра ма: Маман түсіндірді

Коронавирусқа қарсы вакцина бедеулікке алып келеді деген ақпарат тарады. Бұл мәселеге қатысты Қазақстандағы ЭКО орталықтың басшысы Салтанат Байқошқарова айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Вакцина салдырғаннан кейін ЭКО орталығы қабылдамайды дейсіздер ме? Бұл жалған ақпарат. Біз вакцинациядан кейін ЭКО жасаймыз! Керісінше, біздің мамандар жүктілік пен ЭКО-ны жоспарламас бұрын вакцина егуді ұсынады. Жүктілік кезінде берілетін вирустық аурулар ана мен құрсақтағы ұрықтың өмірі мен денсаулығы кері әсер етуі мүмкін. Ал вакцинация нәтижесінде алынған иммунитет осындай тәуекелдерді барынша азайтуға көмектеседі", - деп жазды Байқошқарова желідегі парақшасында.

Сарапшылар жүктілікті вакцинаның соңғы дозасын салдырғаннан кейін бір ай өткен соң жоспарлауды ұсынады.

"Вакцина салдырғаннан кейні бірнеше ай өткен соң ғана ЭКО жасатуды ұсынамыз. Вакцинация әйелдерде де, ерлерде де бедеулік тудырмайды", - деді ол.


Коронавирустың таралуын тоқтату үшін 10 миллионнан астам қазақстандық вакцина алуы қажет

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр