Коронавирус жұқтырған Надыров іссапармен бірнеше өңірге барған
Коронавирус жұқтырған Камалжан Надыров еліміздің бірнеше облысына іссапарымен барған. Бұл туралы Алматы қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Надыров іссапармен Қарағанды облысына, кейін Жамбыл облысына барған. Кейін Алматы облысында болған. Артынша бір күнге Алматы қаласына келген. Қазір дәл осы алгоритм бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Алматы қаласы тауарлар мен көрсетілетін сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің барлық қызметкері, онымен байланыста болғандардың бәрі тест тапсырды, бірақ оның қорытындысы алдағы уақытта шығады", - деді Бекшин.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыровтан бүгін коронавирус инфекциясы анықталған еді.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр