Коронавирус жұқтырған қазақстандықтардың жартысы аурудан айықты
Қазақстанда коронавирус жұқтырған адамдардың жартысы сауығып, ауруханадан шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Осы уақытқа дейін елімізде 6440 адамнан коронавирус табылды. 3256 адам ауруды жеңді, бұл жалпы жұқтыру жағдайларының 50,5 пайызына тең.
Өңiрлерде COVID-19 жұқтырғандар/емделгендер санының арақатынасы төмендегідей:
Нұр-Сұлтан-1251/585,
Алматы – 1848/910,
Шымкент – 404/183,
Ақмола облысы - 126/96,
Ақтөбе облысы - 228/147,
Алматы облысы - 209/132,
Атырау облысы - 627/165,
Шығыс қазақстан облысы - 58/24,
Жамбыл облысы - 205/135,
Батыс қазақстан облысы - 323/155,
Қарағанды облысы - 250/146,
Қостанай облысы - 79/45,
Қызылорда облысы - 246/205,
Маңғыстау облысы -161/45,
Павлодар облысы - 165/124,
Солтүстік қазақстан облысы - 38/29,
Түркістан облысы - 222/130.
Бұған дейін соңғы тәулікте 283 адамның коронавирус жұқтырғаны хабарланды.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр