Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирус жұқтырған әйел ауру кезіндегі сезімдері туралы айтты

Жаңа коронавирустық инфекцияын жұқтырған АҚШ-тың Огайо штатының тұрғыны аурудың қалай өтетіні туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

48 жастағы Эми Дрисколл бір апта бұрын алғашқы белгілерді байқаған. Ол жұмыста болған кезде, оның температурасы көтеріліп, құрғақ жөтел басталып, кеудесінде  ауырсыну пайда болған.

Келесі күні оның жағдайы тағы нашарлады. Дрисколлдың айтуынша, ол жүрегінің қатты соққанынан оянған. 

"Менің кеудем қатты ауырды. Оны қысып жатқандай сезім болды. Мен мұндай нәрсені ешқашан сезген емеспін. Аурудың басында мен бұл туралы мүлде ойламадым, қарапайым істермен айналыстым, ал он сағаттан кейін маған өте жаман болды, тыныс алу қиынға соқты, терең дем алу қиын болды", - деді ол.

Оны ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ болғандықтан емделу үшін үйде қалған. Бірнеше күннен кейін жөтел жоғалып, температурасы қалыпты деңгейге дейін төмендеді. Алайда, әйел әлі күнге дейін бас ауруы мен қатты әлсіздік бар екенін мойындады. 

"Баспалдақпен әрең көтеріліп, төмен түсемін. Миым маған: "Барып, қалағаныңды істе" деген сияқты сезім болады. Мен орнымнан түрған кезде денем: "Жоқ, біз мұны істемейміз" деп жауап береді", - деді Эми Дрисколл.

Соңғы мәліметтер бойынша, жаңа коронавирустық инфекцияға байланысты 9,1 мың адам көз жұмды, 222 мың жұқтыру оқиғасы анықталды, оның 84,5 мыңы науқастың сауығуымен аяқталды.

Бұған дейін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны тағы бес адамға артып, 49 науқасқа жеткені хабарланды.

 

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Демалыс кезінде үйінде болған": Семейда 14 жастағы жасөспірімнен коронавирус анықталды

Науқас - 2006 жылы туған, Семей қаласының тұрғыны

Өскеменде кәсіпкерлер әкімдікке баса көктеп кірмекші болды

Олар рұқсаттама ала алмағандарына ызаланды

Алматыда жезөкшелердің қызметін ұсынған монша анықталды

Саунаны криминалдық полиция тапқан

Қазақстанда алғаш рет жүргізуші мас күйінде ЖКО себепкері болғаны үшін 4 жыл түрмеге қамалды

887 мың қазақстандық 42 500 теңге жәрдемақы алуға өтініш берген

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев мәлімдеді

"Подъездің есігін құлыптап, тек саңылау қалдырған": Ақтау әкімдігі желіде тараған суретке түсініктеме берді

Әкімдік: "Әлеуметтік желілерде және түрлі басылымдарда бір суретке негізделген жалған ақпарат тарап жатыр"

"Көмек емес, пайдакүнемдік": Қазақстандықтар несие мерзімін кейінге шегеру шарттарына наразы

Заң форс-мажор болса да, сыйақыны есептеуді тоқтатуға мүмкіндік бермейді

Бұрынғы күйеуі бетін пышақпен тіліп тастаған: Ақтөбелік әйел халықтан көмек сұрады

Олардың ажырасқанына екі жыл болған

Ақтөбеде, Қызылордада және Шымкентте болған: Қазақстандық жүк көлігінің жүргізушісі коронавирустан көз жұмды

Ол сапарда баласымен бірге болған

"Жұмыс жабылды": Ақшаға мұқтаж қазақстандықтар 42500 теңге үшін бірнеше сағат бойы кезекте тұрды

Олардың ішінде жаға жыртысып, төбелескендер де бар
Çàãðóçêà...