Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирус маусымдық вирусқа айналуы мүмкін бе? Денсаулық сақтау министрі жауап берді

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният коронавирус инфекциясының маусымдық вирусқа айналу мүмкіндігі туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

вирус

Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Ажар Ғиният коронавирустың әр толқыны әр түрлі өткенін айтты. 

"Қазір дәрігерлер мен иммунологтар бұл вирус туралы көп ақпарат жинады. Алайда инфекцияның әр толқыны әр түрлі өткенін көруге болады. Вакцинадан кейін, сыртқы әсерлер салдарынан коронавирус өзгеріп жатыр. Ауру да әр адамда әр түрлі өтеді", – деді ол. 

Сонымен қатар министр коронавирустың жаңа штамдары жайлы ақпараттың жоқ екенін қосып өтті. 

"Жаңа штамы бола ма, қандай өзгеріске ұшырайтыны да әлі белгісіз. Қазір әлемде тараған "омикрон" штамы секілді түрлері өткір респираторлық инфекцияға ұқсайды. Белгілері тұмауға ұқсас. Дегенмен коронавирустың кейінгі толқындары өкпенің қабынуы байқалмайды. Сондықтан инфекцияны бақылап, емдеу және көмек көрсету шаралары соған қарай икемделеді", – деп түсіндірді министр.

Талқылау